Ұлттық ойындар

 

Ат үстінде шабондоздар серкеге таласып оны тақымына қысып қазандыққа салу керек. Көкпар өте жылдам ойын, басынан соңына дейін жылдам темпте өтеді. Спортшылардан шыдамдылықты, ептілікті, батылдылықты және ат үстіндегі шеберлікке үйретеді. Негізінен көкпар мерекеде, айт, той, ас кезінде өткізіледі. Көкпар жеке және дода болып бөлінеді. Көкпарға 25-35 кг-дық серкенің денесі таңдалады. Басқа малдың терісі жарамайды себебі жыртылып кетеді. Парсы елдерінде Ауғанстан, Тәжікстанда осы ойынның баламасы “бузкаши”, Өзбекстанда”купкари/улак”. Еуропада ұқсас спорт түрі – хорсбол, Оңтүстік Америкада – пато.

Ойын ережесі. 1949 жылы Қазақстанда көкпардың жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес көкпар арнаулы алаңда және командылық түрде өткізілетін болды. 1958 жылдан бастап көкпар ипподромда өткізілетін болды. Ойын ұзындығы 200 метр, ені 80 метр алаңда өткізіледі. Екі қазандықтың арасы 120 метр.Ұзақтығы 20 минуттан екі тайм ойнатылады. Ойыншының мақсаты серкененің денесін жерден көтеріп тақымына қысып, қарсыласының қазандығына салу керек. Қарсыласының қазандығына көп салым салған команда жеңіске жетеді. Жігіттер барлық ойын дәстүрлерін ұстауға тырысады, кейбір қатігез айлалар қазіргі көкпарда тиым салынады. Мысалы ойыншы серкенің денесін көтеріп жатқанда шабуылдауға болмайды жәнеде қарсыласын қамшымен ұруға қатаң тиым салынады. Шабандоздарға көрермен жаққа шабуға, ал көрермендер серкенің денесін жерден алып беруге болмайды.

 

Бөлісу

Жарияланды: 2023-12-01