Жаңалықтар

Көкпар - ұлттық спорт ойындарының бірі. Көкпарға бір жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Орташа салмағы 20-30 келідей. Дархан Жоламанов, ұлттық спорт клубының басшысы:

Міне біріншіден Аққулы ауданының жігіттері мен барлық шабандоздарды маусымның шабылуымен құттықтағым келеді. Екіншіден, ұйымдастырушы жігіттерге алғысымды айтқым келеді. Бірліктері жарасып маусым жабарлық көкпар ұйымдастырып жатқандарына. Алдағы уақытта, Маусым ашарлық және жабатын сонымен қатар тойлар өткізіліп тұрса, келешекте облысымызда мен-мен дейтін мықты шабандоздарды іріктеп, ары қарай ел чемпионатына қатыстырушы едім.

Аталмыш шараға Аққулы ауданынан Шарбақты, Малыбай, Майқарағай ауылының командалары, сондай-ақ Шарбақты ауданынан Есілбай ауылының шабандоздары қатысты. Ойынның ақтық мәресінде, Шарбақты ауылы мен Майқарағай ауылының бір-біріне дес бергісі келмеген шабандоз- палуандары барынша жеңісті жіберіп алмау үшін тырмысып-бақты.

Бөлісу

Жарияланды: 2023-10-20